Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева үшінші баласын дүниеге әкеліп, аяқ-қолын жинап үлгермей желіде жазба жариялады.
Жазбасына қарап, әншінің босанғаннан кейін болатын күйзелісте екенін аңғаруға болады. Ол қазіргі өзіне көңілі толмай, сахнасын сағынып жүрген секілді. Бірақ ол сахнаға шығуға да дайын емес, өйткені өзінің айтуынша, қатты семіріп кетіпті.
«Сіздер менің өмірімнің кішкене ғана бөлшегін көріп жүрсіздер. Кейбір блогерлер бар, өз ınstagram-парақшасында бәрін керемет етіп көрсетеді. Мүмкін солай да шығар. Ал мен блогер емеспін, өз мамандығым арқылы танымалдылыққа ие болған адаммын. Кейде бұл жерде өз ойларыммен бөлісемін, кейбір жағдайларға қатысты көзқарасымды да білдіріп отырамын, жұмысымды да көрсетемін.
Бірақ бұл біздің өміріміз де instagram-дағыдай дегенді білдірмейді. Қазіргі кезде ұйқы қанбағандықтан түрім шаршаңқы және ашулымын, көңілім де түсіңкі, шашым да жуылмай қалады. Босанғаннан кейін семіріп кеттім.
Мені өз қалпыма келді деп ойламаңыздар. Тіптен ойларым да әлі жинақтала қоймады», – деп жазады Бақаева.Іnstagram парақшасына
Бұл ретте жанкүйерлері күйзеліске түсе бастаған әншіге демеу беріп, әлі-ақ өзін ретке келтіре алатынына шүбә келтірмейтіндерін жарыса жазуда.