Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ашхабадтағы Халықаралық түркімен-түрік университеті жабылды

Университет 1993 жылы құрылып, бір жылдан соң жұмыс істей бастады. 2013 жылы мамырда Түркіменстан және Түркия президенттері университеттің 3 мың адамға арналған жаңа ғимаратының іргетасын қалады.

16 шілдеде Түркияда сәтсіз әскери төңкерістен соң ел президенті Режеп Тайып Эрдоған бүлікті дін уағыздаушы Фетхуллах Гүлен ұйымдастырды деп мәлімдеді. 1999 жылдан бері Құрама Штаттарды паналап жүрген Гүленнің “Қызмет” қозғалысы 2016 жылы мамырда Түркияда террорлық ұйым деп жарияланды.

Түркия билігі “Қызмет” қозғалысының миллиондаған жақтастары бар және әлемнің 150 елінде мыңдаған білім мекемелерін қаржыландырады деп есептейді. Ресми Анкара басқа да елдерді Гүленмен байланысы бар білім мекемелерін жабуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз