Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Аша Матайдың ағасы Баян Мақсатқызының шәкіртіне үйленбекші

702
Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек Жарқынай Ханайымға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.

14 ақпан ғашықтар күнінде Баян Алагөзованың бауыры қызды мейрамханаға шақырып, сақина салып, үйленуге ұсыныс жасаған. Бақытты Жарқынай “иә” деп жауап берді.

Жұп «Рауза» сериалының түсірілімінде танысқан. Сюжет бойынша әртістер соңында қосылмайтын ғашықтардың рөлін сомдаған. Есесіне өмірде Айдар мен Жарқынай мәңгілік бірге болуды шешкен.

2016 жылы Жарқынай Ханайымды көпшілікке Баян Алагөзова таныстырған болатын. Оны қоластына алып, жұлдыз жасамақ болған. Алайда дебюттік клип шыққаннан кейін продюсер бұл шәкіртімен жұмысты тоқтатқан.

Араға бірнеше жыл салып, Жарқынай Баянға қайтып оралды, бірақ әнші ретінде емес, актриса ретінде. Ол оның сериалында басты рөлге бекітілді.

Айдар Асқарбек — Аша Матайдың ағасы, әрі Баянның әпкесі — Бәтес Мухитденованың ұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз