Бостондағы Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің ғалымдары әлсін-әлсін ашығу жасушалардағы энергетикалық алмасу процесін жақсартатынын анықтады. Ғылыми жұмыстан үзінді EurekAlert порталында жарияланды деп хабарлайды baq.kz.
Уақыт өте келе желілер жарамсыз күйге түсіп, жасушаны улайтын және зат алмасу процесін бұзатын еркін радикалдар өндіре бастайды. Бұл процесс аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болатын көрінеді.
Биологтар тұтынылатын калория санын азайту митохондриялық желілердің белсенділігін арттырып, ұзақ уақыт «жақсы формада» болуға мүмкіндік беретінін анықтады. Осылайша, ашығу жас ерекшелік өзгерістерді тежеп, өмір сүру ұзақтығын арттырады, деп есептейді ғалымдар.