Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Әсет Исекешев: “Әуелі – Тәуелсіздік күні, шырша содан кейін!”

288

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған безендіру жұмыстары 12 желтоқсанда басталады. Атаулы мереке аясында Астананы 1280 жалау, 2 жалауша панносы, 64 саябақ элементі және жарық аспаның 1 жиынтығы әшекейлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Отан қорғаушылар монументіндегі су бұрқақтардың орнына жарық диодты инсталяциялар орнатылады. Жарық фонтаны металл қаңқаның негізінде жасалады. Құрылымның биіктігі 3,5 метрді құрайды. Жарықтандыру ақ және көгілдір түсте болады.

«Жаңа жылдық шыршаларды Тәуелсіздік күнін атап өткен соң, 18-желтоқсаннан бастап орнатуды жоспарлап отрырмыз. Кейбір жекелеген нысандар шырша орнатып, оны безендіре бастады. Бұған қатысты наразылық білдіргендер бар.

Тәуелсіздік күні еліміздің басты мерекесі болғандықтан, басымдылық сол мерекеге беріледі.

Шағын және орта бизнес нысандары қаланың мерекелік безендіру  жоспарын қатаң ұстанатын болсын. Тәуелсіздік күнінде салтанатты және мерекелік шаралар өтеді. Оның арасында каратэ-киокушинкайдан Kazakhstan Open, үстел теннисінен «Seamaster 2017 ITTF World Tour GrandFinal» турнирі, «Күй Қайнары» VI күй тартыс, ҚР Тәуелсіздік күнінен арналған «Тәуелсіздігім – теңдігім, Егемендігім – елдігім!» атты жас ақындар айтысы, кітап көрмесі мен қазақстандық эстрада өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі концерттер өтеді», – деді Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында.

Еліміздің бас қаласы Жаңа жыл мерекесіне де жан жақты дайындалмақшы. Осы  мақсатта шаһарда 25 жаңа жылдық шырша, 12 хоккей алаңы, 15 мұз айдыны, 10 мұз төмпешігі, 2 мұз қалашығы («Astana ЕХPO-2017» Ұлттық компанясы» АҚ аумағында және Астана қалалық әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда) бой көтереді.

Бұған қоса 2 жарық панносы, 18 жарық иллюминациясы, 52 жарық иллюминациялық аркасы, 830 панель-кронштейн, 106 КСП, 5 көпір мен көлік жолайрығы орнатылатын болады. 3300 шағын және орта бизнес нысандарының қасбеті, 255 ағаш, 2 қала саябағы мен 1 гүлзар безендіріледі.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ақпаратына сәйкес, ШОБ кәсіпкерліктері өз еркімен қалада елуден астам шыршаны орнатады. Елордадағы «Керуен», «Рахмет», «Хан Шатыр», «Сарыарқа» сияқты ойын-сауық орталықтары шыршаларды орнатып, безендіру шараларын бастап кеткен.

фото: ©Alibek Akhanov

https://kaz.365info.kz/aset-isekeshev-byl-kisi-ne-tyndyrdy-ne-byldirdi-289556

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз