Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ас содасының пайдасы бар екені анықталды

Дәрігерлер ас содасының асқазан қышқылының көп бөлінуіне ықпал ететінін, нәтижесінде ас қорыту жақсарып, патогендік жасушалар өлетінін дәлелдеді. Сонымен бірге, мамандардың айтуынша, соданы асқа пайдалану қорғаныс иммунитеті әлсіз көкбауырға түсетін салмақты азайтады.

Осылайша М1 макрофагтарының мөлшері азаяды. Ал бұл иммундық жасушалар қабыну реакциясын қоздыратыны белгілі. Керісінше қабынуды төмендететін М2 жасушаларының мөлшері артады екен.

Ас содасының бұл пайдасы тышқандарға жүргізілген эксперимент кезінде дәлелденді.

Сода дәл осылайша бүйрекке де әсер етеді. Зерттеу авторларының бірі Пол О’ Коннордың айтуынша, бүйрек аурулары кезінде қан қатты қышқылдануы мүмкін, ал бұл жүрек-қан тамырлары дерті мен остеопорозға шалдығу қаупін арттырады. Антацид бұл процесті тежейді.

“Клиникалық сынақтар ас содасын күндіз пайдалану тек қышқылдануды төмендетіп қана қоймай, бүйрек ауруларының алдын алуға да көмектесетінін көрсетті”, — дейді О’ Коннор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз