Журналистерді қорғау комитеті Дүниежүзілік банк басшылығына хат жазып, қырғыз билігі Асқаровты босатпайынша Қырғызстанға көмекті тоқтата тұруын сұрады. Бұл туралы комитет сайтында хабарланды.
Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Кимге жазылған хатта Қырғызстан үкіметі БҰҰ комитеті қаулысында көрсетілген міндеттерді орындап, Асқаровты босату керектігі айтылған. Дүниежүзілік банк 1992 жылдан бері Қырғызстанның түрлі жобаларына 1,3 миллиард доллар бөлген.
2016 жылы сәуірде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстанды Асқаров ісін қайта қарауға шақырды. Асқаров ісін Шу облыстық соты қарап жатыр. Үкім 17 қаңтарда шығарылады.