Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Аружан Саин Сәтпаевтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

157
Сурет: Хабар 24

Ол  өзінің Facebook-тегі парақшасында осыған қатысты пікір білдірді:

«Достар, Сәтбаев қаласындағы жағдай бойынша баланың анасымен телефон арқылы байланыстым. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жүргізілді. Біз құқықтық, психологиялық көмек ұйымдастырудағы әрі қарайғы іс-әрекетіміз туралы сөйлестік. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл жағдайды осы бағыттар бойынша бақылауға аламын.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен байланыстым. Ол бұл істің тергеу барысын бақылауда ұстайды.

Қазіргі уақытта біз Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновпен хабарластық. Осы іспен айналысатын ювеналдіқ адвокаттың мүмкіндігінше тезірек отбасымен байланысуын, сондай-ақ, жақсы маман-психолог анықталуын өтіндім. Себебі балалармен байланысты қылмыстар бойынша тергеу іс-әрекетіне психологтің қатысуы міндетті.

Бірнеше жылдан бері балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жөніндегі істерді үнемі бақылауға алуымызға тура кеді. Әрбір осындай қылмыс туралы тіпті есту қиын, бірақ балалар мен олардың ата-аналарының жағдайын елестету мүмкін емес.

Балаларға қарсы осындай қылмыстар жасаған әрбір адамның барынша қатаң жауапкершілікке тартылуына қол жеткіземіз»,

— делінген жазбада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз