Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-3
USD
492
-0.51
EUR
530
+0.59
RUB
5.05
+0.02

“Артыңа қарап ал!”. Нұртас Адамбай “қазақша үйрен” деген сөзге ашуланады екен

156

Өзінің Facebook парақшасында түрлі пікір айтып, белсенділік танытатын Нұртас Адамбай оқырмандарынан Алматы қаласында жақсы теннис корты қайда орналасқаны жайлы кеңес сұрады. Кеңестің орнына ” сен сол уақытыңды қазақша үйренуге жұмса” деген пікірді оқыған актер ашуға мінсе керек, «менің уақытымда сенің шаруаң болмасын» деп жауап қатты. Ол аз дегендей актер «мақтанатын түгің болмаған соң тіл білетініңмен ғана мақтан» деп қолданушының ашуына тиді.

https://kaz.365info.kz/nyrtas-adambaev-elbasy-men-tysirgen-filmderdi-ynatatynyn-ajtty-266064

Танымал актердан жауап аламын деп үміттенбеген Жәнібек Әликен тіл білетініне мақтанбайтынын жеткізді. Бірақ, актер мұнымен қоймай, оқырманының желіге жүктеген суретіне тиісіп, киіп алған спортық киіміне сын айтқан. Қызып кетсе керек, ол қолданушыға киімін ауыстырып, шаш үлгісін ретке келтіруге және косметологқа баруға кеңес берді.

Есесіне мынадай жауап алды:

«Барымыз осы, бауырым. Сен құсап қазақтың кемпір-шалын мазақтап, əйел боп киініп ақша таба алмадық.

Екі қолға бір күрек деп бала-шағасын бағып жүрген көп қазақтың біріміз. Киімге қарап ақыл айтуға болмайтын болса, Пайғамбарымыз с.ғ.с мүлде сөйлемеген екен. Гандиды айтпағанда. Сіздер енді адамды киіміне қарап, ақшасына қарап бағалайсыздар ғой. Кешіріңіз, байеке» , деп жауап қатты Жәнібек.

Адамбаев та мұнымен тоқтамай, «Егер сонша ақылды болсаң, неге бақуатты емессің?» деген американдықтардың мақалы бар. Сенің қазақша білгенің, саған байланысты емес еді. Сен сол ортада өстің. Бұл балықтың суда жүзе алатынымен мақтанумен тең. Ал сен өз күшіңмен, ақылыңмен бұл өмірде неге қол жеткіздің?.. Егер тілге жаның ашығыш болса, бар, курс ашып, адамдарды оқыт… Ал тіл білмейтіндерге тас лақтыру – еркекке тән іс емес» деген жауабын жазды.

https://kaz.365info.kz/byrkit-tysirgen-film-tanymal-otbasynyn-shyrkhyn-byzdy-foto-video-278134

Сонымен қатар, өзін қазақ тілінің жанашыры етіп көрсеткен азаматтың «…Орысша сөйлеп, орыс түс көріп, қазақтың патриоты бола алмайсың. Осыны өзің де түсінесің. Сондықтан ғой тулап жатқаның. Точкаға тиіп тұр ғой…» деген пікіріне актер: «Қазақ тілінде «точка» деген сөз бар ма?

Біреуді үйретердің алдында өз көтеніне қарап алмайсың ба?» деген жауабын берді.

Пікір қалдырамын деп “таяқ жеп” қалған желі қолданушысы Жәнібек Әлікеннің парақшасына қарағанда, ол қазақ тілі немесе тарих пәнінің мұғалімі секілді.

Ал,осы жағдайдан соң Нұртас Адамбайдың оқырмандары актер парақшасына жаман пікір қалдыруға жасқанып қалған секілді. Немесе жағымсыз сөздер жазбас алдында бір жеріне қарап алу керек, Солай ма Нұртас?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз