Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Артымнан кеп бас салды…”. Павлодарда екі дәрігер төбелесіп, соттасып жатыр

210

Өйткені қай тараптың кінәлі екенін анықтау қиынға соғуда. Төбелес болған кезде олардың жанында ешкім болмаған. Белгілісі, дәрігердің көзі жарақаттанып, оған ота жасалған. Ал қол көтерді деген шенді болса, миыма зақым келді, мен де жапа шектім деп бет бақтырар емес.

Айта кетейік, өткен аптада денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында дәрігер мен мемлекеттік қызметкер төбелесіп, ауруханаға түскен еді, деп хабарлайды 31 телеарна.

Басқарма басшысы дәрігермен арада болған дауға емдеу мекемесінің вахтерінің қылығы себеп болғанын айтты. Ал, оның қоластындағы қызметкер болса, басқалай сөйлеп отыр.

«Өкірді…». Түркістандық емші бес жасар қыздың бойынан жынды қалай шығарғанын айтып берді

«Науқастар ауруханада жатыр. Неліктен науқастардан жылы көрпе мен жылытқыш әкелуін сұрайды? Бұл үшін емдік-профилактикалық отырыстың протоколы толтырылып, ескерту жасалған болатын», – дейді денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Нариман Шахмарданов.

Ал, ауруханадғылар оқиғаға сенбі күнгі жағдай себеп деп отыр. Ауруханаға Шахмарданов жеке жұмысымен келген. Вахтер жұмыс тәртібіне қатысты оны кіргізбеген. Бұл кезде аурухананың бас дәрігері де орнында емес еді.

«Вахтер дауысын көтермей жай ғана түсіндіруге болатын еді. Біз осы жөнінде қанша рет түсіндіру жұмысын жүргіздік. Ол дауысын көтеріп сөйледі, сол үшін тәртіптік жауапқа тартылды», – дейді қалалық аурухананың кадр бөлімі басшысы Аида Асылбекова.

«Соның көз жасы…». Отаға түскен Төреғали Төрәлі ауыр сөз естіді (фото)

Ал, сәрсенбі күні жиыннан соң екеуінің арасында дау туған. Төбелес салдарынан Марлен Ахметовтің көзілдірігі сынып, әйнек көз жанарына кіріп кетеді. Соған байланысты шұғыл ота жасалады. Ал, Нариман Шахмардановтың бас-ми жарақатын алған-алмағаны тағы анықталады.

«Бұл – жанжал. Мені арт жағымнан келіп ұрды. Ондайды күткен жоқпын. Мен басымды басып сол қолыммен ұрдым. Қорғану үшін ұрдым», – дейді Шахмарданов.

Оқиғаның куәгерлері жоқ. Іс сотта қаралғанда зардап шегушілердің денсаулығына келген зақым ескеріледі.

«Дауысы дірілдеп кетті…». Димаш Лондон сахнасында жылап қалды (видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз