Africatopsports.com порталының хабарлауынша, англиялық «Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы Маруан Шамах Қазақстанға ауысуы мүмкін, деп жазды Sports.kz.
Әзірге «Кардифф Сити» сапында ойнап жүрген 32 жастағы марокколық «Қайрат» клубына қызығып жүр, деп жазды БАҚ. Шамах пен валлилік клуб арасындағы келісімшарт 31 желтоқсан күні аяқталады, сондықтан қысқы трансферлік бос уақытта Маруан еркін агент ретінде «Қайрат» клубына ауысуы мүмкін. Бұл маусымда Шамах тек қана үш матч өткізді, оның біреуі ғана нәтижелі болды. Өз мансабында марокколық форвард «Бордо», «Арсенал», «Вест Хэм» және «Кристал Пэлас» құрамында ойнаған.