Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“АрселорМиттал Теміртаудың” экс директоры Қазақстаннан қуылады

42 жастағы Анна Адом 2016 жылы металлургия комбинатының қызметкерлер жөніндегі директоры болып тағайындалған. Бұдан тыс, Теміртау қалалық сотының шешімімен депортациялауға кететін шығындардың барлығы Анна Адомның өзіне жүктелді. Одан 1203 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Теміртауда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлер жөніндегі директоры Анна Адомға қатысты сот процесі басталған болатын. Қалалық соттың шешімі бойынша ол еңбек заңнамасын бұзды деп танылып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа салуға үкім етілді.

Бұдан тыс, сот Адомның бір жыл бойы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында басшылық лауазымды иеленуіне тыйым салды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз