ҚР Бас прокуратураның және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Армениядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматы Сурен Манасянды экономикалық қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
58 жастағы Сурен Манасян қылмыстық топ құрамында жалған кәсіпкерліктер құрғаны үшін, сонымен қатар бюджетке салық төлеуден жалтаруға жағдай жасау арқылы мемлекетке 200 миллион теңге көлемінде аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін айыпталады.