Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Армения үкіметі отставкаға кетті

Премьер-министр Н.Пашинян отставкаға кету ниетін бұрын France24-ке берген сұхбатында да айтқан болатын. Сұхбатта ол үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу мақсатында ел Парламентін тарату бастамасын көтеру үшін 15 қазанда отставкаға кететінін айтқан.

Айта кетсек, Армения парламентінің депутаттары 2018 жылғы 8 мамыр күні отырыста оппозиция көшбасшысы Николь Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне сайлаған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, премьер-министр отставкасынан кейін Армения Президенті Үкіметтің отставкасын қабылдайды. Кейін жеті күннің ішінде Парламент фракциялары премьер-министр лауазымына кандидаттарды ұсынады.

Премьер-министр Парламент отырысында депутаттардың дауысы арқылы сайланады. Егер дауыс беру кезінде премьер-министр сайланбаса, жеті күннен кейін жаңа сайлау өткізіледі. Оған депутаттардың жалпы санының үштен бірі ұсынған кандидаттар қатысады. Ең көп дауыс жинаған кандидат жеңімпаз болады. Егер премьер-министр екінші рет өткізілген сайлауда да сайланбаса, Армения Ұлттық Жиыны (Парламент) таратылып, кезектен тыс парламент сайлауы өтеді.

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы биылғы желтоқсанда-ақ өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Арменияда осы жылдың 13 мамырында жаңа үкімет жасақталған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз