Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Әрең көндірдім”. Тұрсынғали мен Баян Есентаеваның қандай жаңалығы бар? (видео)

Есентаева фильмнің бас продюсері және басты рөлдердің бірін сомдайды. Оның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов мюзиклда эпизодтық рөлде бой көрсетеді.

“Айтпақшы ол да эпизодтық рөлде көрінеді. Бір ай дегенде әрең көндірдім”, – деп күледі Баян Есентаева.

Картинаның жұмыс атауы: “СиСиТай”. Продюсер фильмнің мағынасын түсіндірді.

“Бұл әзірге жұмыс атауы. Сиситай – бас қаһарманның есімі. Біз ойлап таптық. Не үшін олай аталғанын көрермен киноға келгенде түсінеді”, – деді Баян Есентаева.

Оның айтуынша, түсірілім алаңында жаңа құрылғылар қолданылуда. Түсірілім жұмыстары бес күн бойы жүріп жатыр.

“Әзірге әр күн сайын қаншалықты шынайы шығады деп уайымдаудамыз. Нағыз кәсіби мюзиклды түсіру үшін,  қазақстандық көрермен “Бұл не тағы?!” деп айтпас үшін біз шын мәнінде кәсіби жұмыс істегіміз келеді. Біз жаңа камераларды, стэдикамдарды қолданудамыз. Түсірілім алаңында үлкен стадионды жарықтандыруға қауқары жететін мол жарық бар”, – деді Есентаева.

Картинаны қою жұмыстарымен түрлі елден келген мамандар айналысуда.

“Біз Ресейден қоюшы-хореограф шақырдық, оператор Алехандро Чавесті Мексикадан алдырттық”, – деді Есентаева.

Фильм режиссері – Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерде: Баян Есентаева, “КешYOU” тобының бұрынғы мүшесі Кәмшат Жолдыбаева, Айгерім Мергенбаева. Ер адамның бір рөлін “Алау” тобының мүшесі Әсет Арыстанбек сомдайды.

Ұжым картинаны 2018 жылдың наурызында жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз