Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Арам пиғылы жүзеге аспады. Қызылордада жеңгетайлар құрықталды

Алматы және Қызылорда қаласының 2 тұрғыны алдын ала сөз байласып, 36, 26 және 22 жастағы азаматшалардың сеніміне кіріп, жақсы табыс табатын жұмысқа орналастыратындықтарына сендіреді. Алайда, сенімдерін теріс мақсатта пайдаланып, Түркия мемлекетіне жезөкшелікпен айналысу үшін жібермек болады. Бірақ қаскүнемдердің бұл әрекеті әшкере болып, полиция қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында ооларды Алматы қаласының әуежайында құрықтады.

Қазіргі таңда аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының 128-бабы 3-бөлігімен (Адам саудасы) тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі кезде қаскүнемдер Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Атап айтсақ, 2017 жылғы 25-27 тамыз аралығында Қызылорда облысы аумағында адам саудасына байланысты және адам еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау мақсатында «Stop-трафик» жедел профилактикалық шарасы жүргізілген болатын.

Шара барысында полиция қызметкерлері 5 қылмыстың беті ашып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабында (Қоғамдық орында тиісу) көзделген 31 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз