Тайланд үкіметі ел королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты жаппай аза тұту салдарынан мемлекетте қара киімнің тапшылығы байқалатынын айтты, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Үкімет қара киімнің бағасын өсіретіндерге 3 900 доллар айыппұл салынуы, сонымен қатар олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Елде 1 жыл аза тұту жарияланды. Тайланд Премьер-министрі Прают Чан-Оча отандастарын алдағы 30 күнде кез келген ойын-сауық шараларынан аулақ болуға шақырды. Басылымдардың хабарлауынша, жеке туристік аймақтар мен кей дүкендер жабылған. Енді бір дүкендер ішімдік сатуды тоқтатты. Аза тұту кезінде Тайланд туристері мейрамханалар, бар, сауда орталықтары секілді ойын-сауық түрлеріне қатысты түрлі шектеулерге кез болуы мүмкін.
Ал, ҚР Индустрия және даму министрлігі қазақстандық туристерден Тайландтағы қайғылы шараларға байланысты құрмет белгісі ретінде сыпайы киінуді және ел алдында көңіл көтермеуді өтінді.