Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-20
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

“Араласпаңыздар”. Нұрболат Абдуллин отбасын неліктен елге көрсеткісі келмейтінін айтты

376

Нұрболат қызы Шахназдың құрметіне той жасады. Кенжесінің есімін әншінің өзі қойыпты.

“Бірнеше есімді таңдап, анама көрсеттім. Бірақ ішінде осы есім ұнап тұр деп айттым. Анам қарсы келген жоқ. Жалпы балаға есім қою таласатын дүние деп ойламаймын.

Баланың өмірі есіміне тікелей байланысты болады деп айтып жатады, әрі үйдің кенжесі болғандықтан, бұл тұрғыдан маған ешкім қарсы шыққан жоқ”, – деп түсіндірді Абдуллин.

https://kaz.365info.kz/ariptesteri-nyrbolat-abdullinnin-khypiyasyn-ashyp-khojdy-video-330244

 

Иә, Нұрболаттың құпиясы ашылды. Осы уақытқа дейін жұрт бойдақ деп ойлап келген әншінің әйелі, тіпті баласы бар екені анықталды. Десе де, Абдуллин жеке өмірімді халықтан жасыруды доғармаймын деп отыр.

 

“Бұл менің жеке күнделігім, өмірлік құпиям. Тойды біреуден тығып жасаған жоқпын. Түсіретіндер түсірді, жіберетіндер жіберді. Біреулер неге парақшаңа салмайсың дейді, сол тұрғыдан келгенде бір ғана жауап: мен өзім білемін. Ол менің асылдарым, ата-анам, отбасым, бауырларым.

 

https://kaz.365info.kz/bitti-khalyndykhpen-tysken-suretin-zhariyalagan-dimash-khyzdardyn-zaresin-aldy-foto-332212

Бұл өмірде ең қымбат дүнием солар. Мен оларды ғаламтор желісіне салып, арзандатқым келмейді. Оған жол жоқ.

“Сары майдай сақтап, сүрленген еттей” деген сөз бар ғой қазақта. Үлкен “держава” болған кезде көрсету керек қой. Шығармашылық жұмыста мысалы, бір ән жазып алып, жүрмейсің ғой. Жеке өмір де солай.

Отбасылық абырой, бедел деген дүние бар. Соны сәл нәрсеге арзандатып жібермеу керек деп ойлаймын. Бұл менің саясатым. Мен халыққа қызмет етемін, халқымды құрметтеймін. Менің бұл құпияма қатты араласпаса екен деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды Нұрболат.

https://kaz.365info.kz/tysiniksiz-bolsa-da-kopten-korinbej-ketken-ms-sajlaubektin-zhana-ani-okhyrmandaryna-ynap-khaldy-video-332214

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз