Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Арабтар қазақ әдебиетін арабшаға аудартуға ақша бөлмек

Мәселен, Ілияс Есенберлиннің шығармаларына деген сұраныс бар.

Бұған дейін де Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақ тіліндегі бірнеше шығармалар араб тіліне аударылды. Бұл арада айта кетерлігі, мен араб тіліне аударылған шығармаларды өзге де араб мемлекеттеріне тарату жағынан аса қиындық көріп тұрғаным жоқ. Сондықтан да, Араб Әмірліктерінде араб тіліне аударылған шығармаларды қайтадан аудартудың әлбетте, қажеті жоқ. Жаңа шығармалар болса құба құп. «Көшпенділер» араб тіліне аударылды, – дейді ол.

Дегенмен бұл арада бір кілтипан бар көрінеді, оның ақшаға түк қатысы жоқ.

– Олар қаражат бөлуге дайын екендігін білдірген еді.

Бірақ қазақ тілінен араб тіліне аударатын аудармашылар жағы қиындық туғызып отырған жайы бар.

Көркем әдебиетті керемет деңгейде аударатын жақсы аудармашылар тапшы. Әйтсе де қаржы бар, уағдаластық пен келісім бар, кувейттіктердің де ынтасы, сұранысы бар, бұл – ең бастысы. Жалпы айта кетейін, Кувейт билігі өз оқырманының таным көкжиегін, рухани деңгейін кеңейту үшін шет ел әдебиеттерін аудартып тұрады, – дейді елші мырза.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз