Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қара жұмысқа салыпты”. Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Дипломат бүгін Гуанчжоудағы тергеу изоляторында Ақжарқынмен кездесіп, 40 минуттай әңгімелесіп қайтты. Б.Сырлыбаевтың айтуынша, қазір Ақжарқынның көңіл-күйі жақсы. Келесі – мерекелік аптада Ақжарқын жұмысқа тартылмайды және 16 адаммен бірге камерасында демалады. Дипломат Ақжарқынды ақпан айындағы туған күнімен құттықтап, карточкасына аздап ақша салып берді. Ақпан айында Ақжарқын 23 жасқа толады. Дипломат бүгін сондай-ақ, Гуанчжоу қаласында ұсталған қазақстандық тағы бірнеше азаматпен кездеседі. Б.Сырлыбаев қазақстандық қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетовтің Ақжарқынның соты 27-28 ақпан күні өтеді деген мәліметті  растаған жоқ.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен ұсталған болатын. Ол Малайзияға сәнді киімдердің курьері болып жұмыс жасауға аттанғанын айтып кеткен. Қыздың өзі есірткіні оған арандатушылар салып жібергеніне сенімді. Бұл іске қатысты Қытай соты ауыр жаза тағайындап, оны өмір бойы бас бостандығынан айырған болатын.

Алайда кейін, Есірткі, психотропты заттардың заңсыз айналымымен күрес Орталық Азиялық аймақтық орталығы жас қыз нигериялық есірткі мафиясының құрбаны болуы мүмкін екенін айтқан. 2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот сатысы Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырған сот үкімінің заңды күшін тоқтатып, алғашқы сот сатысына істі қайта қарау туралы қаулы шығарған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз