Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағандылық ақсақал асыл тұқымды итінің құнын даулай алмады

133

Қарағанды облысы Сортировочный ауылының 69 жастағы тұрғыны Рамазан Үсеев енді асыл тұқымды ит сатып ала алмайтын болды.

Еске сала кетелік, 2015 жылдың 8-қыркүйегінде ақсақал әдеттегідей аты және асыл тұқымды тазысымен серуенге шығады. “Көбелек” атты тазысының мойын жібі аттың ертоқымына байланған болады. Сол кезде бұрылыстан үлкен жылдамдықпен жүйткіген автобус шыға келеді. Ақсақал тек аттың басын бұрып қана үлгереді, ал иті өз бетімен қашсын деп ертоқымдағы жіпті босатып жібереді. Бірақ автобус доңғалағы астында қалған “Көбелек” бірталай жерге сүйретіліп кете барады. Содан соң ғана автобус тоқтаған.

– “Көбелекті” ұстап алып сілкілей бастадым. Ол ышқынып, дыбыс шығарды. Сол кезде тамағындағы қарғыбауын шешіп алдым. Дем алсын дедім. Бірақ ол өліп кетті. Автобус кетіп қалды. Мен полиция шақырдым. Бірақ ешнәрсе дәлелдей алмадым. Итім қарғыбаусыз өлген секілді болды,- дейді ақсақал.

Сол күні ақсақал инсультпен ауруханаға түседі. Жан сақтау бөлімінде бір апта жатады. Сауыққан соң автопаркті сотқа береді.”Қазақ тазысы” ұлттық қауымдастығының президенті “Көбелекті” 2 миллион 219 мың 840 теңгеге бағалайды. Арызға асыл тұқымды иттің марапаттары мен дипломдары да тіркеледі.

“Көбелек “Қазақстан мен Қырғызстан біріншіліктерінің чемпионы болған, мықты аң аулайтын тазылар қатарына жатқызылған. Бірақ полиция қызметкерлері ит қарғыбаусыз көшеде жүріп, өзі көлік астына түскен деп тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз