Атақты қарағандылық хоккейші әрі бапкер Рафик Низамов 13-тамызда дүниеден озды.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Рафик Низамовты жанкүйерлері мықты хоккейші, бапкер және өз қаласының патриоты ретінде таниды. Ол өзінің ғұмырындағы барлық еңбек жолын жергілікті «Автомобилист» хоккей клубына арнаған.
Марқұмды туған-туыстары мен жерлестері Қарағанды қаласында 17-тамызда ақтық сапарға шығарып салады.