Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қарағандыда сүтте сібір жарасы вирусы бар деп жалған ақпарат таратқан келіншек ұсталды

Оның айтуынша, хабарлаушыға уәде етілген сома төленді.

Компания басшысы жалған ақпарат таратушымен кездесіп, оны кешіріп, татуласқанын жеткізді.

Күдікті Анастасия Щелупанова да баспасөз конференциясына қатысты.

«Мен бұл хабарламаны алты адамнан тұратын WhatsApp тобына жібердім. Дүкендегі түйнеме жайлы сөйлесіп отырғанбыз. «Нәтиженің» сібір жарасы ошағы боп табылған Шет ауданынан сүт алатынын оқып, аудиохабарлама жібердім. Бұл жай ғана өз арамызда қалады деп ойлағанмын, бірақ ғаламторға лезде тарап, өз дауысымды ғаламтордан естідім. Қорыққанымнан бүкіл хабарламаны өшіріп, нөмірімді бұғаттап тастадым»,- дейді ол.

Ол көпшілік алдында компаниядан кешірім сұрады.

Анастасияның адвокаты Қанат Мақыжанов сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оның қорғауындағы қыз кепілдікпен босатылған.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылында сібір жарасы дерті анықталды. Ауыл тұрғыны ауру сиырды сойып, оның етін жақындары мен көршілеріне таратып берген. Салдарынан екі адам – 33 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам қайтыс болды. Шұғыл түрде ауылда карантин жарияланып, жағдай реттелген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз