Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қарағандыда қаза тапқан кеншілер отбасына 10 жылдық жалақы көлемінде өтемақы беріледі

Сондай-ақ, министр тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысымен арнайы комиссияның құрылғанын айтып өтті. Ол комиссияның құрамында Индустриалды даму комитетінің мамандары, облыстық департамент өкілдері, кәсіпорындағы қауіпсіздік қызметінің өкілдері, “Арселор Миттал Қазақстан” көмір департаментіндегілер мен әкімдіктегілер бар. Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі мен прокуратура өкілдерінің қылмыстық іс қозғағаны айтылды.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қарағандыдағы “Саран” шахтасында төтенше жағдай болған еді. Үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін. Ал кейінірек төтенше жағдайдан ауруханаға түскен төртінші шахтердің көз жұмғаны хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз