Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Қарағандыда қаржы пирамидасын құрып, елді алдаған әйел Ресейге қашып кетпек болған

41 жастағы әйел адам қаржылық пирамиданы тұрғындардан аса ірі көлемде ақша тарту мақсатында «ФинансОптоГрупп» ЖШС айналасында ұйымдастырған. Қазіргі таңда күдіктіні жауапқа тарту үшін полицияға 50-ден астам азамат арыз түсірген.

Сол секілді тергеу кезінде күдікті қылмыстық іздестіру мен соттан жалтармақ болғаны нақтыланды. Ол Қарағанды қаласында тұрақты меекенжайға тіркелмей пәтер жалдап тұрған, сондай-ақ, құпия түрде Ресей Федерациясында тұрақты мекенжайға тіркелген анасына өзінің кәмелетке толмаған балаларын көшіріп апарған.

Өндірістік базада тіркелмегендіктен, құрылыс бригадалары, құрал-жабдықтары болмағандықтан күдікті азамат ешқашан кәсіпкерлік жұмыспен айналыспағаны анықталды. 2016 жылдың 18-қазанында Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының санкциясымен күдіктіні «қамауға алу» туралы бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта күдіктінің қылмыстық іс-әрекетінен зардап шеккендер мен оларға қаншалықты қаржылай шығын келтірілгені нақтылану үстінде.

«Қаржылық пирамиданың» іс-әрекетінен зардап шеккен тұрғындар болған жағдайда, жедел арада ішкі істер органдарына хабарласуларын сұраймыз. Қылмыстық істің тергелуі ішкі істер департаменті мен прокуратура органдарының бақылауында„ делінеді баспасөз баянында.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз