Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Қарағанды шахтасында апат болды, мерт болғандар бар

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Саран» шахтасында орын алған қайғылы оқиғадан 8 адам жапа шеккен. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жол үзіліп кеткен. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 2 адам жансақтау бөлімінде жатыр, тағы үшеуі орташа деңгейдегі жарақат алған.

«Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссия оқиғаның мән-жайын анықтайды. Апат себебі комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Компания басшылығы қайтыс болған кеншілердің отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», – деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз