Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағанды-Балқаш трассасында екі көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты

Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ішінде 15 жолаушысы болған автобусты 46 жастағы жүргізуші басқарған. Ал «Газель» автокөлігінің жүргізушісі – 43 жаста.

«Алдын ала деректер бойынша, Балқаш қаласына қарай бағыт алған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың жүргізушісі мен «Газель» автокөлігінің жолаушысы қайтыс болды, бес адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», – дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жол көлік оқиғасы дерегіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз