Көліктегі полиция қызметкерлері ішімдікке еліткен 19 жастағы қостанайлық бойжеткенді „Астана-Ыстамбұл„ әуе рейсінен түсіріп алды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша құқық бұзушының мастығы орташа деңгейде деп танылған.
Бұл туралы Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, zakon.kz хабарлайды.
„Биыл 4-шілдеде Астана қаласының әуе-жайындағы полицияның кезекші бөлімшесіне сағат 18:50 уақытында „Эйр Астана„ АҚ агенті атынан „Астана-Ыстамбұл„ бағытына ұшпақ әуе кемесі бортында бүлік шығарған жолаушы туралы хабар келіп түсті. Ол ішімдікке еліткен 19 жастағы Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Көліктегі полиция қызметкерлері келіп түскен хабарға байланысты тексеру жүргізу кезінде бүлік шығарған қызды ұшақтан түсіріп, алып қалды. Ол өзін дөрекі ұстап, айтқан сөзді тыңдамады„ делінеді ішкі істер департаменті хабарламасында.