Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әр жұмыс орнына тыңшы қоямыз”. Жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілі енгізілді

Төлеген Байғұлов жемқорлықпен күресте «өзгерістер елшілерінің» рөлін де атап өтті.

«Өзгерістер елшілерін жұмысқа енгізу қоғам мен мемлекеттік аппараттың әрекеттесуін түбегейлі өзгертуі тиіс. Олардың қызметіне мемлекеттік органдардың ең әлсіз тұстарын және жемқорлық қаупі бар жерлерін анықтау кіреді», – дейді қоғам өкілі. Өзгерістер елшілері өз хабарламаларында жемқорлыққа қарсы комиссарлардың мәліметтерін қолдана алады.

Ең қызықты жұмыс «Жемқорлыққа қарсы комиссарлардыкі» болады. Басқалардан өзгешелігі, олар халықпен жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтсақ, олар кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің ішіндегі заң бұзушылықпен, нақты кемшіліктердің фиксациясын жасайды.

Жасырын сатып алушы, рейдтер жүргізу, мемлекеттік сатып алу мониторингі, азаматтарды қабылдау сияқты әдістерді қолданатын болады», – деп хабарлайды Байғұлов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы Төлеген Байғұлов орталықтың жұмысы «Жемқорлыққа қарсы он соққы» ұранымен жүргізілетінін баса айтты. Бұл бұрындары Мемлекет басшысымен айқындалған болатын. Қоғам өкілі қазақстандықтарды жемқорлықпен күрес жүргізуден шет қалмауға шақырды. Жемқорлық фактілерін азаматтар 87020002494 нөміріне жолдай алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз