Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қар тазаласаң да жазықтысың. Ақтөбе әкімдігі енгізген жаңа жаза елді дүрліктірді

177

Әкімшіліктің ауладан шыққан қарға айыппұл саламыз деген талабы ақтөбеліктерді шошытты. Тау боп үйілген қарды қалтамызға салмасақ қайда апарамыз дейді ашуланған тұрғындар. Қайырбек Өтенов қыс түскелі қар тазартумен айналысатын мекеменің техникасы көшелеріне бір де бір рет бас сұқпағанын айтады. Қар басқан ауласы мен аула маңын өзі аршып әлек. Тұрғын халыққа айыппұл төлеткісі келетін әкімшілік алдымен өз жұмыстарын дұрыс атқарса екен дейді.

«Қайда шығарады оны? Адам қалтасына сала ма, не? Машина шақырту әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін Камаз шақыру керек, погрузщик шақырту керек. Қолмен тиелмейді екі бастан. 42 000 деген тым көп қой. Бірінші адам деген жағдайды жасау керек қой. Оның үстіне қалада тұрған соң мына көшені тазарту керек қой», – дейді Қайырбек Өтенов.

Ал жергілікті әкімшілік болса, бұл жаңа талапты қардың көп мөлшерде түсуімен байланыстырады. Шенділердің айтуынша, тәртіпке бағынбай 3 ескертуге құлақ аспаған жеке үйлердің иелеріне ендігі жерде айыппұл салынады.

«Өздеріне белгіленген аумақтары бар ғой, соның алдына қар үйіліп шығарылмаған жағдайда ескерту беріледі. Содан кейін кезекті айыппұл салынатын болады», – дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары», – дейді Нағымжан Алдияров.

Ал тұрғындарға қатысты шыққан жаңа талаптың орындалуын арнайы құрылған мобильдік топ бақылайтын болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз