Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қапшағай-Алматы-Қапшағай темір жол желісі іске қосылды

Өз кезегінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әділов бұл әлеуметтік жобаның қала экологиясын жақсартуға бағытталғандығын баса атап көрсетті.  Сонымен, пойыздың жүру уақыты – 1,5 сағат. Таңғы пойыз 06:30-да Қапшағай қаласынан Алматыға жүреді. Алматыға келген соң, таңғы сағат 08:40-та «Алматы-1» темір вокзалынан Қапшағайға қарай жол тартады. Ал, кешкі уақытта пойыз сағат 17:55-те Алматыға қарай жүреді. «Алматы-1» вокзалына келген соң, кешкі сағат 20:20-да кері қарай жолға шығып, Қапшағайға оралады.

Темір жол құрамы толыққанды жабдықталған 5 жайлы вагоннан тұрады. 280 орынға шақталған және Wi-FI желісіне қолжетімді.

«Әзірге пойыз тек жазғы мезгілде жүретін болады. Бірақ, алдағы уақытта оны жыл он екі ай жүріп тұратын пойызға айналдыруды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз – тұрғындардың жүріп-тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді «Solux Expess» компаниясының жоба жетекшісі Нұрлан Құжбанов.

Айта кетелік, пойыз билеті – 600 теңге тұрады. Жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру – тегін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз