Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Апамның фигурасын-ай! 67 жастағы модель немересіндей балаларды қоздырып жүр (фото)

101

 

Ұлыбританияның ең кәрі сәнді моделі, тіпті 20 жастағы ер-азаматтардың өзі оны көргенде артына бұрыла қарайды дейді.

 

https://kaz.365info.kz/keti-topuriya-zhelige-zhartylaj-zhalanash-suretin-salyp-basy-dauga-khaldy-foto-314348

Сюзи өзі үшін ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол сәнді журналдарға тұрақты түсірілім жасау арқылы қызықты фото сеанстарын біріктіреді. Сонымен қатар, ол өзін Хелен Миррен шабыттандырады деп, содан үлгі алады екен.

 

Сюзи отыз-қырық жыл бойы модель болған. Бірақ, 40 жастан астаннан кейін ол мононуклеоз ауруына шалдығып, мансабын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Тек 20 жылдай уақыт өткен соң ғана денсаулығын қалпына келтіріп, сән әлеміне қайта оралды.

 

 

https://kaz.365info.kz/kim-kardashyan-zharnama-yshin-zhalanashtandy-foto-312820

Ол жақсы көріну үшін, тек пайдалы тағамдарды ғана тұтынады. Сондай-ақ, үнемі бет пен денеге арналған ылғалдандыратын кремді пайдаланады екен.

«Жас мөлшері – ол сіздің басыңызда. Сіз өзіңізді қаншалықты жас сезінсеңіз, соншалықты жас боласыз. Ешқашан жасым келді деген оймен, өз армандарыңыздан бас тартудың қажеті жоқ», – дейді Сюзи.

 

Сондай-ақ, ол күн сәулесінен қорғану үшін бетіне жиі күтім жасайды екен. Сюзи дене пішінін қалыпты үлгіде сақтау үшін күн сайын итімен серуенге шығып, таза ауамен тыныстап қайтады.

 

 

«Модельдік бизнес – менің құмарлығым. Мұның бәрі қарапайым көрінеді, бірақ егер сіз осы мәселеде қандай да бір табысқа қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге жұмыс істеуге тура келеді», – дейді Сюзи.

 

Сюзидің айтуынша, ол зейнетке шықпас бұрын қаншалықты көп жұмыс істесе, қазір тіпті одан да көп жұмыс істейді. Ол бұның себебін сүйікті ісімен айналысқанды қатты жақсы көремін, деп түсіндірді.

 

«Шынымды айтсам, біздің заманымызда адамдар аз күлімсірейді. Барлығына және бәріне күлімсіреңіздер! Мәселен, мен жануарларға да күлімсіреймін»,-дейді Сюзи.

 

Дерек көз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз