Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Әнші Саят Медеуовтың анасы қайтыс болды

527

Әншінің әріптестері көңіл айтып, қолдау білдіруде. Қайғылы хабарды алғашқылардың бірі болып, Мейрамбек Беспаев жеткізді.

«Қадірлі досым, бүгінгі суық хабар жанымды жылатып, жүрегімді езіп кетті. Саят бауырымның анасы Нұрғайша апамыз қайтыс болды. Елге барғанда еміреніп бауырына басып, балаларым келді деп бар мейірімін төгіп күтетін, кең жүректі асыл адам еді. Досым, бар адамзат жиылып келіп мейірін төксе де анаңның орнын баса алмайды. Алланың жазғанына адамның көнбеске шарасы бар ма. Анамыздың иманы жолдас болсын. Барша ағайын-бауырға қайғыра көңіл айтамын».

Мақпал Жүнісова ад әртіске қолдау білдірді. Ол жерлеуіне келейін десем, Саят үзілді кесілді қарсы болды дейді.

«Саятжанның анасын ақтық сапарға шығаруға әріптестер Қордайға барайық деп едік, Саятжан келмеңіздер, сіздердің амандықтарыңыз керек дегесін, бара алмай отырмыз. Жаны жәннатта болсын! Өте жақсы адам еді, қолынан шәй ішіп, батасын алып едік. Артында қалған атамызға, балаларына, туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз, топырағы торқа болсын анамыздың».

Сурет әлеуметтік желіден алынды

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз