Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әнші қыз саунада не істеп жүр?

2534

– Қаха, ауылдың тірлігін білесің, өзгеріс жоқ. Қаланың қызықтарын айтсаңшы, – дестік жамырасып.

 

https://kaz.365info.kz/yyatsyz-eken-ozi-khyskha-kiyuge-khymar-medbike-auruhanadan-khuyldy-264135

 

– Е-е, бұл көкелерің қазір саунада жұмыс істейді. Сауна дегенді естіген шығарсыңдар, ішінде сарқырамасы, бассейні, бильярд ойыны, тағы талай қызығы бар крутой монша. Оған тек қалталылар, байлар, небір әдемі қыз-келіншектер келеді. Түу, олардың тыр жалаңаш қаздаңдап жүргенін көрсең шіркін, – Қадыр бізді біраз тамсандырып алды.

– Қаха, сол саунаңды, қыз-келіншектерді айтсаңшы, – дестік.

Жарайды. Содан осы ауылдан кеттім ғой. Қалаға барысымен ағам бір танысының саунасына жұмысқа тұрғызды. Өздерің білесіңдер, осы үйде жаман-жәутік бір монша бар. Соны қалай жағуды, суды қалай толтыруды жастайымнан біліп өскен қу емеспін бе. Саунаның иесі монша жағына келгенде дым сызбайды екен. Сауна сыңғырлап тұр. Үш есікті. Үш бөлек-бөлек топ келіп, демала беруіне болады. Әрқайсысының өз алдына ас ішетін, демалатын бөлмесі, шағын бассейн, парилкасы бар. Өзі де қаланың қақ ортасы, ұрымтал жерде орналасқан. Шіркін, ақша болса сауна ашқанға не жетсін! Қазір қалталылар ортақ моншаға бармайды. Тіпті, есігінен қарамайды. Бір нәрсесі жұғып кетеді деп. Олардың түсінігінде ортақ монша деген кедей-кепшік, қарасирақтылардікі болып есептеледі. Саунаға келетіндер сол қалталылар. Теледидардан көріп, я болмаса атын еститін талай дөкейлерді сол жерде көрдім ғой. Пай, пай, біздің саунаға кім келіп, кім кетпеді дейсің. Әй, солардың қай-қайсысы да әйелдерін, не байларын ертіп келгенін көргенім жоқ. Еркегі де, ұрғашысы да көңілдес, ойнастарын ертіп келіп жатады.

https://www.youtube.com/watch?v=MkxKXdBqyL8

 

Содан не керек, саунашы болып орналасқан соң, әрі оның қыр-сырын білетін болған соң бүкіл билік өзіме тиді. Клиенттердің қалауынша парилкаларды қыздырамын, суытамын, бассейндердің суын толтырам, суықтығын өлшеймін, құдай-ау бәрі өз қолымда. Тек саунаны сүртіп тазалайтын екі-үш көрікті келген қыз-келіншек бар. Кейде қыздарсыз келген еркектерге соларды қойындарына сап беремін. Әрине, тегін емес, ақшаға. Өйткені жүз грамдатып, суға түскен еркектер көп ұзамай алақтап ұрғашы іздей бастайтын әдеттері емес пе?

Бір күні түстен кейін саунаның алдына бір шетелдік машина тоқтай қап, шашы ағарған, бойы бір қарыс мыжырайған боқ қарын еркек пен өңі таныс, аяқ-қолы балғадай көрікті жас қыз машинадан түсіп ішке енді. Қожамыз клиентердің алдында олардың асты-үстіне түсіп, жылпылдап қызмет етіңдер, деп ескерткені бар. Барымша күлімсіреп, жылы-жылы сөздер айтып, бос орын бар, қош келіпсіздер деп өзеуреп жатырмын. Ішімнен «Иттің баласы, боқ қарынның аузының салымын қарашы, жас қызбен саунаға келіп», деп кіжініп қоямын. «Мынандай боққарынмен саунаға келген сен де бір жезөкше, жәлеп болдың ғой», деп қызға жек көре, әрі қызғана қарап қоямын. Қыз да менен көзін алмай сүзіле қарайды. Сірә, мен ұнап қалдым-ау деймін. Өйткені, түр десе түр, бой десе бой бар келісті, көрікті жігіт емеспін бе. Ау, жігіттер-ау, өздерің де білесіңдер ғой, осы ауылдағы бүкіл қыз менің соңымнан жүгірді емес пе, – осы жерге келгенде Қадыр бір желпініп қойды.

– Иә, иә, – десіп, біз де бас изестік.

– Қыздың түрі, тұлғасы таныс, қайдан көрдім деп тұрғанда есіме оның теледидардан ән салып жүргені сап ете түсті. Е, ана бір жаңадан шыққан әнші болды ғой деп ойладым іштей. Мына мыжырайған боққарынды да бір жерден көрген секілдімін. Бұл бір былжыраған ақынсымақ не сазгерсымақ болды ғой. Мына жас әншіге арнап керемет өлең, не саз жазамын деп сүмеңдеп алдап жүрген деп іштей бір түйіп қойдым.

Содан не керек, мыжырайған әлгі неме қызды қолтықтап өздеріне тиесілі есікке кіріп, сылдырлатып бір жағынан жауып алды.

Қызғаныштан ішім қыж-қыж қайнады. Жүгіріп келесі өзім отыратын бөлмеге барып, есікті тарс жауып, арнайы ойық көзден сығалай бастадым. Өйткені келесі бөлмеде суға түскендерге кейде сыртынан қарап кәйіп алу үшін әдейі бұрғылап тесіп, жасанды гүлдер мен жапырақтар іліп қойғанмын. Тесіккөзден бәрі айқын көрінеді. Сол орныма жайғастым. Мыжырайған әлгі шешініп үлгеріпті. Бұтында балағы салақтаған дәу дамбал. Әкесінің үйінде жүргендей тасыраң-тасыраң етеді. Сөмкеге салып алып келген сыра, коньяк, шұжықтарын шығарып қойып жатыр. Әнші қыз да қымсынбады. Барлық лыпасын сыпырап тастады. Әппақ тән жарқ етті. Іле түкті қытай орамалымен бөксе жағын орап үстелге келіп отырды. Мыжырайған неме мәз. Қыздың санын сипап, төсінен иіскеп, ернінен қадала сүйіп еркін отыр. Әупіріммен қызға екі-үш мәрте коньякты жұтқызып жіберді. Буынына түсті ме, қыз сыраны да аштырып сіңкілдетіп ішіп отыр. Әлгі мыжырайған ішіп отырған жоқ. Темекі тартып, қызды құшырлана құшақтап әлек. Бірдеңелерді айтып ыржың-ыржың етеді. Егер ана жерде мен болсам ана қызды уже астыма салар едім-ау. Мына ынжық әлі отыр, сорың құрғыр. «Бәсе мына мес қарыннан не толк шығушы еді», деп қоямын ішімнен.

Араға жарты сағаттан астам уақыт салып, әлгігілер «ойнауға» көшті.

Қыз шалқасынан жатып, екі аяқты екі жаққа керіп тастаған. Мыжырайған неме үстіне шығып итің-итің етеді. Анауысы кішкентай ма, немене, әлде кірмей ме, әлде шығып кете бере ме, қайта-қайта уқалап әкеп салғандай болады, бірақ… қыз боққарынның мына пәрменіне ырза емес секілді.

Тұршы, босқа әурелемей, үстімнің бәрін сілекей қылдың, – деп қыз бұлқынып қояды. Бірақ әбден масайып қалған сияқты.

 

https://kaz.365info.kz/zhatam-sheshinem-khyrgyz-khyzdary-yyatsyz-klipke-tysipti-264809

 

Сөйтіп, екеуі ақ тер, көк тер боп жатқанда боққарынның ұялы телефоны шылдыр ете түсті. Бірақ оған қараған ол жоқ. Қыздың үстіне шығып алып барынша сілтеп жатыр. Телефон ұзақ шылдырлады. Болмады-ау деймін, қыздың үстіне жатып-ақ телефонды құлағына тосып «әлеу» деген, сол-ақ екен қыздың үстінен ыршып түскенін әрең байқадым.

Ау, Хадиша, сен бе, қашан келдіңдер?.. Не-е-е? Кілт… Иә, менде. Ауырып?.. Мен жұмыста отырмын ғой, тез жет… қазір жаным, қазір он бес минутта барамын.

Мыжырайған неменің жаны шығып кете жаздады. Безілдеп абың-күбің киініп жатыр.

Ойбай, тұр тез, ауылдан қатын келіп қалыпты. Үйдің кілті менде еді, ауырдым дей ме, құдай-ау бірдеңе дейді. Тұр киін, жолай тастап кетемін. Тағы бірде саунаға асықпай келеміз, – деп қызды орнына тұрғызбақ еді, масайып қалған ол: «Артынан өзім барамын, кете бер», деп ары аунап түсті. Әлгі байғұс қатынынан сұмдық қорқатын біреу болуы керек, тыр жалаңаш жатқан қызға да қарамай безектеп сыртқа беттеді.

– Ертең звондаймын, – деп есіктен шыға жөнелді.

– «Е, бәсе, анау маған қалды-ау», деп қуанып, жүгіріп боққарынның алдынан шықтым.

Аға, уақытыңыз біткен жоқ қой, неге ерте шықтыңыз? дедім түк білмегендей көлгірсіп.

Шаруа бар, бала шаруа, анау артынан шығады. Дұрыстап таксиге салып жібер, – деп қолыма бес мың теңгелік ұстата салды да борсаңдап барып машинасына мініп жоқ болды.

Әлгі әнші қыздың бөлмесіне беттедім. Есікті имене ашсам да, ішінен сырт еткізіп ілгегін салып, тез жаптым. Қыз бүкіл «тауарын» жарқыратып шалқасынан жатыр екен. Мені көріп қымсынбады, қайта қуанып кеткендей болды. Тек тұрмай:

– Ағай сізді киіндіріп, шығарып сал деді, – дедім өтірік мүләйімсіп.

https://kaz.365info.kz/atyn-shykhpasa-sheshinu-kerek-pe-zholdybaevanyn-yyatsyz-suretteri-259058

 

– Сыраны әперші, – деді қыз ыңырси тіл қатып. Аузы ашық сыраны қолына ұстатып, жанына отырдым. Шыдай алмай барам. Сыраны сіңкілдетіп біраз ішкен ол:

Масайып қалыппын, бассейінге көтеріп апаршы,деді. Енді шегінер жер жоқ. Үстімдегі киімімді сыпырып тастап, қызды тік көтеріп апарып бір-екі рет салқын суға тоғытып алып, әлгі жерге қайта жатқыздым. Мойнымнан қапсыра құшақтаған қыз ернімнен қадала сүйіп, бір қолымен онсыз да қазықтай қақшиып кеткен анауымды көделі жеріне әкеліп сүңгітіп жіберді.

– Паһ шіркін, – дестік Қадырдың әңгімесіне елтіп отырған біз.

Ой, несін айтасың, өзі де тойымсыз қыз екен, әбден ойнадық. Жап-жас болып білмейтін пәлесі жоқ. Әбден сүлдеміз құрып барып тоқтадық. Сөйтіп әрең дегенде әлгі әнші қызды үйіне шығарып салдым.

Қазір де анда-санда кездесіп тұрамыз. Мен ұнап қалғанмын-ау деймін, өзі звандайды. Кейде теледидардан ән салып тұрғанын көргенде, астымда тыр жалаңаш ыңырсып жатқаны елестеп, қозып кетемін, – деп әңгімесін аяқтады Қадыр.

Талғат Сайлауханұлы

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз