Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Әнші Гаухар Әлімбекова 6 жылға сотталды

145

Сотқа құрбысының қолынан зардап шеккен Бақыт Назарова жүгінді. Оның айтуынша, Гауһар Әлімбекова оған «Ақкент» тұрғын үй кешенінен 40 мың долларға пәтер алып беруге уәде берген. Гауһар Әлімбекованы 15 жылдан астам танитындықтан, Назарова аталған соманы оған күмәнсіз береді. Алайда, әнші пәтер алып бере алмайды және ақшаны да қайтармаған.

«Мен ұлымның көлігін саттым, ломбардқа барлық алтын әшекейлерімді тапсырып, бірнеше несие алдым. Мен ол алаяқтық жасағанын мойындап, мені түсінеді деп күттім, бірақ ол өз кінәсін мойындамайды», — деді Бақыт Назарова 31 арнаға берген сұхбатында.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Гаухар Әлімбекова ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, әншіге жәбірленушіге 40 мың доллар қайтаруы міндеттелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз