Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Әне, қазақтарға қара…” Қырғыз билігі той жасауды шектемек

266

https://kaz.365info.kz/khazakhtyn-tojyna-reforma-khazhet-emes-nege-dejsiz-be-307828

Қырғызстанда «Той және несие – салтанатты сәтті өткізудің және жүрек талмасына ұрынбаудың жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел мәжілісі өтті, деп хабарлайды  Sputnik.kg.

Бұдан біраз бұрын Жогорку Кеңеш салтанаттарды өткізуге шектеулер енгізуге бағытталған заң жобасын талқылаудан және қабылдаудан бас тартқан еді.

Аталмыш шараға Қырғыз Республикасының халық депутаттары, ҚР Жогорку Кеңеш депутаты Эміл Тоқтошев, бұрынғы мәдениет министрі Түгелбай Қазақов және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

https://kaz.365info.kz/balasy-zhokhtar-khazakhtar-toj-tomalakhkha-kimdi-shakhyrmagan-296678

Экс-министр Қазақов той өткізу мерзімін 3 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды, бірақ ол «форматты» өзгерту үшін, белгілі бір ереже дайындау қажет екенін алға тартты.

Кешігуге тыйым салынады!

«Біріншіден, қонақтарға кешігуге болмайды. Кешіккен қонақтардың кесірінен салтанатты шара бір-екі сағат кеш басталып жатады, бұл салтанат себепкерлері мен басқа қонақтарды құрметтемеудің көрсеткіші.

Жалпы, тойды 3 сағатта өткізуге болады.

Екіншіден,

Басқа халықтардан қабылданған кейбір дәстүрлерден бас тартқан жөн», — деп, мәлімдеді экс-министр

Ал Эміл Тоқтошев, өз кезегінде, Жогорку Кеңештің тойға шақырылатын қонақтар санын шектеу және салтанаттың бюджетін қысқарту туралы заң жобасын неге қабылдамағаны туралы айтты.

https://kaz.365info.kz/kele-almadykh-shymkentte-yjlenu-tojy-zhas-zhybajlarsyz-otti-270288

«Заң жобасында тойға 150 адамнан артық шақырылмасын деген талап бар болатын.

Өкінішке қарай,

кейбір депутаттар ондай заңның қабылдануына мүдделі емес. Өйткені олардың өз тойханалары бар. Сондықтан ондай шектеулердің енгізілуі олар үшін тиімді емес»,

— деді жағдайды түсіндірген халық қалаулысы.

Дегенмен ол мұндай құжаттың қабылдануы үшін тағы да Жогорку Кеңеште бастама көтеруге дайын екенін айтты.

https://kaz.365info.kz/aza-ty-tojy-myna-apadan-lgi-aly-yzdar-video-240717

Той өткізуге шектеулер енгізу туралы заң жобасын қабылдау жөніндегі бастаманы қазір депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Аида Салянова бастаған депутаттар тобы көтерген. Бұл бастаманы 42 халық қалаулысы қолдаса, 70 депутат қарсы шығып, нәтижесінде, құжат қабылданбай қалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз