Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Андрей Аршавин «Qazsport»-тың комментаторы болмақ

Айта кетсек, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бұл ірі спорттық шараны трансляциялаудың эксклюзивті құқығына ие. Аршавин қазақстандық Премьер-лига ойындарынан бос күндері комментаторлық етуі мүмкін.

Бұдан бөлек, телеарна басшысы «Qazsport»-та комментаторларға іріктеу жүріп жатқанын айтып өтті. Бірінші кезең нәтижесі бойынша 503 үміткердің 271-сі кастингтен өтуге шақырту алды.

Екінші кезеңге 47 адам жолдама алды. Алдағы уақытта олардың тек 20-сы іріктеп алынады. Кейін телеарнаның kazsporttv.kz сайтында дауыс беру арқылы үздік ондық анықталады. Олардың кандидатуралары Корпорацияның көркемдік кеңесінде қаралатын болады.

Көркемдік кеңеске филологтар, журналистер, блогерлер, БАҚ басшылары, спорт федерацияларының өкілдері және Олимпиада чемпиондары кіреді. Кастинг желтоқсан айында толығымен аяқталып, жаңа комментаторлар жұмыстарына 2018 жылдан бастап кірісетіні күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз