Танымал әзілкеш, “Базар жоқ” театрының белді актері Қанат Әлжаппаров қызды болды.
Қуанышты жаңалықпен әртіс өзінің Инстаграмдағы парақшасында бөліскен екен.
«Әйелімнен дәл осындай шығады деп ойламаппын. Қолымдағы қыз Аянат Қанатқызы Қанат. Қызыма ат қойған Тұрсынбек Қабатов»-деп жазыпты Қанат Әлжаппаров.
Өз кезегінде әлеуметтік желідегі қауым балаға бауы берік болсын тілеген екен.