Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қанат Ислам: Патрик Аллотейді неге құлата алмадым…

Біріншіден,

бапкерлерімнің кеңесі солай болды. Жанкүйерлерге оның тез құлап қалғанын қызық болмайтынын ескертті.

Бірақ, Патрик те бір-екі ауыр соққыға құлай салатын жігіт емес екенін көрдіңіздер. Өте әккі боксшы. Тәжірибесі де менен жоғары. Бір ғана мысал. Оның нокауттар санының өзі менің барлық жекпе-жектерімнің санынан жоғары. Осыдан-ақ, қарсыласымның қандай деңгейдегі боксшы екенін аңғаруға болады.

Екіншіден, жарыстың алдында тауда жаттығып жүріп, кішкене суық тидіріп алдым. Аздап қолымды да жарақаттап алған едім. Жаттыға жүріп, ем-дом қабылдадым. Бұл да жекпе-жек барысында кері әсерін тигізді. Жарыс барысында да қолымды ауыртып алдым. Содан кейін ауыр соққылар жасауға қиындықтар болды.

Үшіншіден, жарыс өз елімізде өткелі жатқандықтан жекпе-жек жақындаған сайын ұйымдастырушылар тарапынан роликке түсіру, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру және осы сияқты басқа да жұмыстары көбейіп кетті. Осындай себептерге байланысты кішкене шаршағаным жасырын емес.

Бірақ ұйымдастырушылармен бірге, менің жекпе-жегім туралы жазып, ақпараттық қолдау білдірген барлық БАҚ өкілдеріне алғыстан басқа айтарым жоқ.

Бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды

“Жасырары жоқ,

бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы раундтарға дейін жұдырықтасқан кездерім болған.

Алайда, дәл осындай күш жұмсап көрген жоқпын. Мүмкін, тұңғыш рет өз елімізде, өз жерімізде өткеннен болар деп ойлаймын.

Себебі, бұл айқастың жауапкершілігі өте ауыр болды. Өзге елде өткен жарыс пен өз еліңдегі дода кезінде спортшыға түсетін қысым мүлде өзгеше болады екен.

Ең бастысы – жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым

Бұл жекпе-жек маған үлкен тәжірибе сыйлады. Мен осы жолы жұдырықтаса жүріп, өзімнің кейбір осал тұстарымды байқадым. Қай жерде қандай қателіктерге бой алдырғанымды жақсы түсіндім. Қарсыласымның менен артық тұстарын да көре білдім. Еш уақытта қарсыластың оңайы болмайтынын жақсы сезіндім. Алдағы уақытта бапкерлерім мен спорт мамандары қателіктерімді көрсетіп, артықшылықтарымды айта жатар.

Ең бастысы, жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым.

Осындай тамаша жеңіске жеткен Қанат Ислам супер орта салмақта (69 кг ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы, құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алады. Сондай-ақ қазақтың қайсар ұлы WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз