Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде!
29 қазан күні Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде көптен күткен бокс кеші өтеді. Кәсіпқой рингтегі барлық 21 кездесуде жеңіске жетіп, 19-ын нокаутпен ұтқан отандасымыз Қанат Ислам, ганалық «Улы жебе» Патрик Аллотеймен жекпе-жекке түседі. Қазақстандық боксшы «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта WBO InterContinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін күресетін болады.
«Қазақстан»Ұлттық телеарнасынан сағат 17:50-де тікелей эфирде бокс кешін өткізіп алмаңыздар!
Сонымен қатар, kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілімді тамашалай аласыздар.