Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Ана сүтіне үй әпер!”. Енесінің талабын орындамаған астаналық жігіт ақыры ажырасып кетті

Астаналық Айдар есімді жігіт (авт. аты-жөні өзгертілді) сүйіктісімен сараң енесі үшін ажырасып тынғанын айтып берді. Олар тіпті биыл күзде той болады деп жоспарлап отырған көрінеді.

https://kaz.365info.kz/zhigiti-tastap-ketken-khyz-oz-ozine-yjlendi-331351

“Бұрынғы қызыммен университет қабырғасында таныстым. Бас-аяғы 6 жылдай жігіт пен қыз ретінде кездесіп жүрдік. Қатты сүйдім, сыйладым. Биыл тіпті, анасының алдынан өтіп, күзде үйленеміз деп жүрген едік. Бірақ, бәрі сол анасынан басталды. Ол жалғызбасты ана, қызын жалғыз өзі өсірген.

Күні бүгінге дейін пәтер жалдап тұрған, сосын үйленбей жатып, ипотекаға үй алып берсеңдер, оны өзіміз төлесек, сосын бөлек пәтерге шықсақ деген талабын қойды.

Басында айтып-айтып қояр, қызына мұндай қиянат жасамас деп ойлаған едім. Алайда, бәрі мен ойлағаннан да жаман болып шықты. Сол үшін, бұрынғы қызымыз екеуміз жиі сөзге келіп, ренжісуді шығардық, ақыры ажырасып тындық”,-дейді ер азамат.

 

 

https://kaz.365info.kz/olgim-keldi-ilya-ilin-sportkha-khalaj-khajtyp-kelgeni-zhajly-ashykh-ajtty-331391

Сонымен бірге ол, жалғызбасты аналардың қыздарын қатты “қорғаштайтынын” да айтып қалды.

“Біздің ажырасып кеткенімізге сол кісі кінәлі. Ипотека алып бермеген, болашақ енесінің өтінішіне құлақ аспаған жаман адам соңында мен болдым. Анасының сөзін бұрынғы қызым да сөйледі. Әрине, біреулер қазір мені көну керек еді деп сөгіп тастар. Бірақ осындай талап ақылға қонымды деп ойлайсыздар ма?

Ипотеканы біз төлеп, пәтер жалдап тұруымыз керек екен… Қазір бұрынғы қызым жайлы көп ойлаймын. Осылай ақша, пәтер үшін сезімімізді аяққа таптадық.

Бірақ меніңше ол кісі ертең біз үйленген күннің өзінде арамызға түсетін сияқты. Жігіттерге айтарым, қызды анасына қарап ал дейді. Асығыс шешім жасамаңыздар.

 

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-lyubovnitsamdy-khabylda-dejdi-taraz-zhigitine-tigen-bejshara-khyz-331259

Ертең үйленіп алғаннан кейін, шаңырағымыз шайқалғанша, осылай қазірден бастап айырылысып кеткеніміз дұрыс па деп ойлаймын”,-деп әңгімесін аяқтады ер адам.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз