Мәдина Сәдуақасова үйіңізге кіріп барса, таңғалмаңыз! Себебі әнші қалаңызға гастрөлдетіп барған кезде кез келген үйге қонақ болып баруы мүмкін.
Ақкөңіл Мәдина бұл әдетін дәстүрге айналдырмақшы.
Маңғыстау өңіріне сапарлап барған әнші құрылысы бітпеген үйге кіріп, үй иелерін таңғалдырған. Қызықты хикаясын Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында баяндады.
“Маңғыстау облысы, Шетпе кенті…
Осы жерге келісімен көзіме түскен бір шаңыраққа нан ауыз тиюге кіріп шықтым. Иелері аң-таң. Стройка жүріп жатыр екен, соған қарамастан үйге кіріңіз, ет асамыз деп, апыл-ғұпыл боп жатты.
Қонақжайлы қазағым-ай. Жаңаөзендіктер, ертең Сіздерге барам, күтіңіздер”, – деп жазды ол.
https://kaz.365info.kz/yrsysyp-khalamyz-madina-saduakhasova-yjine-nege-khonakh-shakhyrmajtynyn-ajtty-306996
Бұдан бөлек, әнші бұл әдетін дәстүрге айналдыратынын жеткізді.
“Күшті екен. Дәстүрге айналдырамын. Үйлеріңізге Мәдина Сәдуақасова келіп жатса таңғалмаңыздар”, – деді ол.
https://kaz.365info.kz/m-dina-s-dua-asova-k-jeuim-b-ten-er-adamdarmen-s-jlesuge-r-sat-bermejdi-225858
Желі оқырмандары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. Көпшілік “өзгелер де сенен үлгі алса” деп ақ тілегін жеткізді.
Дерек көз:Stan.kz.