Амстердамда Схипхол әуежайында қолында пышағы бар адам жүгіріп, жан-жағындағыларды шошытқан.
Қаруды полицейлер қолданған деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, “Хабар-24” телеарнасы.
Полицейлер қолына қарау ұстап, үрей тудырған адамға қарсы оқ атқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті қолға түскен. Жапа шеккендер жоқ.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, оқыс оқиғадан кейін әуежайдағы сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды. Дегенмен рейстер кешіккен жоқ. Әзірге әуе айлағына суық қарумен келген күдікті туралы ресми ақпарат таратылмай отыр.