АҚШ адам басқармайтын ұшу аппараттарын жоя алатын лазерлі қаруды сыннан өткізді. Тестілеу 16 мамыр күні Тынық мұхитының бейтарап суында жүргізілді.
USS Portland десанттық кемесінің бортында орнатылған қатты лазерлік қарудың демонстрациялық жүйесі (LWSD) сыналды. Америкалық Тынық мұхиты флотының қолбасшылығы әлеуметтік желілерде жариялаған видеода лазер арқылы дронға соққы жасап, ұшу аппаратының жанғаны көрсетілді.
CNN телеарнасы Халықаралық стратегиялық зерттеулер инститиутының есебіне сілтеме жасай отырып, лазердің қуаттылығы 150 килловат құрайды, деп хабарлады. Аспапты Northrop Grumman компаниясы әзірледі.