Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Амантай қажы 23 жастағы қызды тоқал етіп алды (фото)

Қыздың пәктігіне баса мән беретін қажы тоқал іздеп жүргенін бірталай уақыт бұрын айтқан болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын берген сұхбатында ол:

«Тоқал болуға лайықты қыз кездессе, өз басым оған дайынмын. Бірақ пәк қыз кездеспей жүр. Қырыққа жуық қыз тоқал болуға келісімін беріп, үйіме де келді. Олардың қыз еместігін біліп, барлығын қуып жібердім. Мен таза қызды бес метр жерден білемін. Бұйыртса, тоқал алатын күн де келеді. Барлығы Алланың ризашылығымен болады ғой», – деген еді.

Енді, міне, Алланың қалауымен Амантай қажы бұрын-соңды тұрмыс құрмаған пәк қызын тапты.

Бойжеткен жастығына қарамастан, басынан орамалын тастамайды екен. Амантай қажы – “Невада – Семей” қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі. 2005 жылғы сайлауда ол Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелген.

Суреттер stan.kz сайтынан алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз