Ұлттық арнадағы “Әйел бақыты” бағдарламасына келген Жанар Мүслімова есімді келіншек қырық жастан кейін қыз-қырқынмен қыдырып, көзіне шөп салып, басқа әйелмен тұрып жатқанына күйеуіне өкпелі екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
“Ерлан Құсайынов деген жігітпен құрылыста бірге жұмыс істеп жүріп танысып, отбасын құрдық, бір ұлды болдық. Басында бәрі жақсы болатын, мен бір бала босанғаннан кейін күйеуім мені “ешқайда кетпейді” деді ме, жеңіл жүріске салына бастады. Талай рет өзім басқа келіншектермен ұстап алғанмын. Үйден кетемін десем, асылып өлемін деп қорқытатын, үйге келсем ұйықтап жататын”
– дейді ашынған келіншек.
“Құрылыста бір әйел тапты, ол әйел оған машина алып берді. Қазір ол жұмыс істемейді, сол әйелмен бірге тұрады. Менің келіп отырған себебім, оның жауапсыздығына ашынамын.
Тұңғыш қызым психикалық жағынан кеш дамып жатыр, арнайы мектепке барады. Жасы он бірде болғанмен, бес жасар қыздың қылығын жасайды. Екінші әйелге кеткен күйеуім ДНК жасатуға ақшаң жоқ, ұлдың әкесі мен екенімді дәлелдей алмайсың деп мені басынуда, – дейді көмек беруді сұраған Жанар.