Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Алжығам жоқ”. Алматы облысында тұратын әжей өзін ұлы мен келіні ұрып-соғатынын айтты

Әжейдің өзі де сол күнгі оқиғадан соң мең-зең күй кешіп жүр. Ол үйді баласына бергенше, жетімдерге бергенім артық дейді.

“Он құрсақ көтеріп, бірін аш қылмай асырап едім. Еңбек етіп, мал өсіріп сол үйді алдым. Оны балама сыйға бердім. Енді өз үйімнен өзімді қуып, ұрып-соқты. “Өзі өлді деп айтамыз” деді. Бәрі жабылып ұрған соң мені өлтіреді екен деп қаштым. Екі демалыс далада жүрдім. Талдың түбіне қонып жүрдім. Сол ұлымды мал бағып жүріп, айдалада тапқан едім. Ол бала арқамнан таяқпен бір қойды. Көрсетіп отырғаны мынау. Үйді тартып алады деп қорқып отыр. Оны жетімдерге бергенім артық.

Мені алжып кетті дейді. Алжыған түгім де жоқ. Алжысам осылай сөйлеп отырам ба?”, – дейді әжей.

Әжей ұлының атына 1991 жылы үйін жазып берген. Енді көпшіліктен көмек сұрап, қайта алып  беруін қалайды.

Кейуана он құрсақ көтерген. Баласының біреуі қайтыс болған.

Ал, келін-баласы әжесінің айтқаны жоққа шығарды. Керісінше, әжейді мәпелеп-аялап ұстап отырмыз дейді.

“Мен бұл үйге келін болып түскелі 25 жыл болды. Енем өте тынымсыз адам. Сыртымыздан солай сөйлейді. Тамағын да беріп, жағдайын да жасап отырмыз. Ешнәрсені жақтырмайды. Затымды ұрлады, ұрып-соқты дейді. Осыған біз де шыдап келдік”, – дейді келіні Эльмира Нүсіпәлиева.

Келінінің сөзін күйеуі, әжейдің ұлы да растап отыр.

“Анамыз сондай мазасыз кісі. Бірақ өз анамызды кімге айтып жамандаймыз. Бұл Әсел қарындасымның, жиеніміздің ісі ғой. Әжейді қарсы қойып отыр”, – дейді ұлы Нұрбек Шыбынтаев.

Оның сөзін әпкелері мен көршілері де қостады. Келін-баланың әжейге жақсы қарайтынын айтты. Қара шаңырақтың кенже балаға қалғанына наразылықтан ағайын арасында дау туды деп жорамалдайды олар.

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз