Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Алыпсатарлардың ісі”. Алматыдағы қант бағасы негізсіз көтерілген

Олардың айтуынша, қант бағасын тек ұсақ делдалдар мен алыпсатарлар көтерген. Анықталғандай, өнімнің өзіндік құны 40 процентке дейін асырылған. Ал ірі сауда орындарында қант бағасы көтерілмеген. Себебі, Алматы тұрақтандыру қоры бағаны реттеуге тырысып отыр. Тұрақтандыру қоры тауар интервенциясын жоспарлы жүргізуде. Оның үстіне, қор отандық өндірушілерден тағы 1,5 мың тонна қант сатып алмақ.

 

https://kaz.365info.kz/elimizde-1-aptaga-zhetetin-khant-khaldy-tatti-zhasap-satatyn-kasipkerler-shulap-ketti-333057

Атап өтілгендей, супермаркеттерде әлеуметтік мәні бар тауардың көтерме бағасы небәрі 11 процентке артқан. Қазіргі кезде қаладағы қанттың орташа бағасы 245 теңге тұрады. Алматыға жеткізілетін өнімнің әр тоннасы – 220 мың теңге. Еске салсақ, 1 қазаннан бастап Алматы және Жамбыл облыстарында 150 мың тонна қант өндіретін 3 зауыт іске қосылады.

https://kaz.365info.kz/omirzakh-shokeev-elimizde-khant-zhetkilikti-ekenin-ajtty-333240

Демек, қант тапшылығы мен оның бағасының көтерілуіне еш негіз жоқ. Бұдан өзге, қазірдің өзінде қала қорларында 10492 тонна қант бар. Олардың 1,5 мың тоннасы – қоймаларда, 4 мың тоннасы – кәсіпорындарда, 2236 тоннасы – уақытша сақтау алаңында, 2756 тоннасы қалаға жеткізілу үстінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз