Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алтынай Жорабаева бұрыңғы күйеуінен таяқ жеп келгенін ашып айтты

1198
qazaquni.kz

Алтынай Жорабаева 31-арнаның “Өнер мен өмір” бағдарламасында бұрыңғы күйеуінен талай рет таяқ жегенін, кейде тіпті не үшін таяқ жеп жатқанын түсінбейтін кездері де болғанын есіне алды.

“Үйлене салысымен басталды. Мен ойымды да айта алмаймын. Не үшін таяқ жегенімді сұрағаным үшін де таяқ жеген күндерім болды”, – дейді Алтынай.

Үйдегі ұрыс-керісті сыртқа шығармауды мақсат тұтқан әнші бұл туралы ата-анасына да, бауырларына да тіс жарып айтпаған. Дегенмен, барлығы сырттан сезіп жүргенін айтады.

“Ұрыс-жанжалдан кейін таңертең міндетті түрде әкем хабарласатын, оған әрдайым бәрі жақсы деп жылы жауып қоя салатынмын” – дейді әнші.

Алтынай Жорабаева шаңырағы шайқалғанын сезсе де, күйеуіне мүмкіндік беріп, 1 жыл 3 ай күткенін жасырмады.

“Өзгеретін шығар, бәрі жақсы болып кететін шығар, халықтың алдында жүрген адамбыз деп ойладым, күттім. Нәтиже болмағаннан кейін жүйкем сыр беріп, ауырып қалдым” – деп есіне алды әнші.

Дегенмен, бар жасаған қиянатына қарамастан экс-күйеуіне тек жақсылық, бақыт тілейтінін айтады.

“Сәбитке рақметімді айтамын. Алланың қалауымен қыздарым дүниеге келу керек болған. 4 қыз туғаныма рақмет айтамын. Таяқ жеген күндеріме де рақмет айтамын. Маған үлкен сабақ болды. Тұрмысқа шыққан соң, өмір болғаннан кейін адам піседі екен. Әрине, ол дұрыс нәрсе емес болғанмен, өмірден үлкен сабақ алып, ашылып, етек-жеңімді жинадым. Егер таяқ жемегенде мұндай нәрселерді істей алмас па едім деп ойлаймын. Алдымнан келгенді тістеп, артымнан келгенді тебетін мінез болмас еді. Мен өмірге пісіп, ештеңеден қорықпайтын болдым” – деп мойындады Жорабаева.

“Құдай сана берсін, жақсы жар кездессін деп тілеймін. Неге кезінде Айгүлге үйлендім, неге Алтынайға үйлендім деп, қатты жақсы көретіндей жар кездессе деп мен дұға жасап сұраймын. Оның абыройы түсіп кетіп, болмаса лауазымынан түсіп қалғанын қаламаймын. Бізге көмектеспегеніне де ренжімеймін. Өйткені бақытты болсын деп тілеймін. Шыны керек, біздің алдымыздан шықпаса екен, паралелль өмір сүре берсе екен деп тілеймін. Біз өзіміз бақыттымыз, ол өзінше бақытты боп жүре берсе деп ойлаймын”, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз