Алтын құймалардың ең алғашқы сатып алушысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болды, деп мақтана жеткізді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.
Бұл туралы халыққа арналған тазартылған өлшемді алтын құймаларын сату бағдарламасын іске қосуға қатысты өткен брифингте айтылды, деп жазады Zakon.kz.
«Кеше Народный банктің Астанадағы бөлімшесінде Президенттің атына кассалық кіріс ордері жазылды, ол кісі алтын құймаларының барлық түрлерін – 10 граммнан бастап 100 граммға дейінгісін түгел сатып алды. Енді біздің халқымыз да Президентке еліктеп, алтын құймаларын сатып алады, деп үміттенемін»,
– деді Данияр Ақышев орыс тілінде.
Фото: inzoloto.ru